Live

«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының 100% мемлекеттік акциялар пакеті 16 маусым күні электрондық сауда арқылы сатылды.

Фото: ашық деркккөз

Клубтың кейінгі бағасы бастапқы құнынан небәрі 1000 теңгеге ғана жоғары болып, 156,9 млн теңгені құрады.

Бастапқыда клубты 224,2 млн теңгеге сату жоспарланған еді. Алайда 28 мамырға белгіленген алғашқы аукцион өтпей қалды. Оған қатысуға ниет білдірген бірде-бір үміткер тіркелмеген.

Кейін қайтадан саудаға шығарылып, клуб бағасы 67,3 млн теңгеге төмендетілді.

Қазіргі уақытта клубты сатып алған тұлғаның аты-жөні ресми түрде жарияланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ордабасы