Live

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Роза Қонаева қайтыс болды

Роза Ахметқызының дүниеден өткені туралы ақпаратты әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жариялады.

Фото: Facebook

Роза Ахметқызының дүниеден өткені туралы ақпаратты Facebook желісіндн Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жариялады. Оның жұбайы Әдель Алиева – марқұмның жиені.

Роза Ахметқызы 1956 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1956–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясында еңбек еткен. Ол – ғылым докторы, профессор, сондай-ақ Қазақ КСР-індегі Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Д.Қонаев