Live

Астанада көлік жарылды, зардап шеккендер бар

ТЖМ мәліметінше, оқиға Сарайшық ауданындағы Қ. Аманжолов көшесінде жол бойында болған.

Фото: скриншот

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел жетті.

Куәгерлердің алдын ала мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Салдарынан сол маңда тұрған бірнеше автокөлікке зақым келген.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олар қаладағы ауруханаларға жеткізілді.

Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана