Қоғам

Құрылтай төрағасын сайлау басталды

Астанада өтіп жатқан Құрылтайдың бірінші сессиясында Құрылтай төрағасын сайлау рәсімі басталды.

Фото: Ақорда

Дауыс беру тікелей әрі жасырын түрде өткізіліп жатыр. Депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылып, ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санау үдерісін бақылауда.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған болатын.

Сайт Әкімшілігі