Live

Енді концертте фонограммамен ән айтқандарға айыппұл салынады: Тоқаев қол қойған заң күшіне енді

Қазақстанда концерттік іс-шараларда вокалды фонограмманы пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді.

Фото: pixabay.com

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев концерттерде фонограмманы пайдалану тәртібін реттейтін заңға қол қойған еді. Енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Жаңа талап бойынша концерттік-ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде ұйымдастырушылар, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың вокалды фонограмманы пайдалануы әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

• Жеке тұлғаларға – 100 АЕК;

• Заңды тұлғаларға – 150 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Егер осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері:

• Жеке тұлғаларға – 150 АЕК;

• Заңды тұлғаларға – 200 АЕК болады.

Алайда талаптың ерекшеліктері бар.

Аталған норма телевизиялық жазбалар мен түсірілімдерге, сондай-ақ концерт өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарға қолданылмайды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: концерт Әнші