9 апреля 2024 г. 23:14
10 сәуір күні Айт намазы оқылады
10 сәуір күні Қазақстанның барлық аймағында Айт намазы оқылады. Бұл туралы ҚМДБ өкілдері мәлімдеді.
Басқарма жариялаған кестеге сай, айт намазы Алматыда 10 сәуір сағат 06:30-да, ал Астана мен Шымкент қалаларында сағат 07:00-де оқылады.
Айта кетейік, Ораза айт - Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, яғни мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Бұл - екі айт мейрамының бірі.
Мереке күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды.
Сонымен қатар, айтта ораза ұстауға тыйым салынады.
Фото: ашық дереккөз