15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіқанов «Барселона» академиясымен ресми келісімшартқа қол қойды
15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов өзінің Instagram парақшасында каталониялық клубпен келісімшартқа қол қойған сәттің суретін жариялады.
Еске салсақ, Кәрім 2022 жылы Испанияға көшіп, Каталониядағы жасөспірімдер командаларында өнер көрсетті. Оның қарқынды дамуын Ла Лига скауттары байқап, нәтижесінде үш жылдық келісімшарт ұсынылды.
Енді қазақстандық жас футболшы әлемдегі ең беделді футбол академияларының бірі – «Ла Масияда» тәлім алады.