Live

152 млн теңге субсидияны заңсыз алған фермерлер 6 жыл 4 айға сотталды

Ақмола облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген тергеу нәтижесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры А.С. Ефимкин пен «Рассвет» ШҚ басшысы А.В. Маслов екі жыл бойы сүт өндірісін субсидиялау қаржысын заңсыз алғаны анықталды.

Фото: ашық дереккөз

Шаруа қожалығында жеткілікті мал басы болмағанына қарамастан, 3 млн кг-нан астам сүт жеткізілген деп жалған құжаттар рәсімделіп, соның негізінде 152 млн теңге субсидия аударылған.

Тергеу барысында күдіктілердің 6 жер учаскесі, 4 пәтер, 11 автокөлік, өндірістік нысан және мобильді ғимараттарына тыйым салынды.

Сот үкімімен күдіктілер 6 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, ал мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жемқорлық