Live

«38. Соңғы нүкте» фильмі кең прокатқа шығады

3 қыркүйектен бастап «38. Соңғы нүкте» көркем фильмі кең прокатқа шығады. Картина өз кәсіби міндетін күрделі әрі қауіпті жағдайда атқарып, адам өмірі мен табиғатты қорғау жолында тәуекелге баратын азаматтарға арналған.

Фото: Нұржігіт Хайдар

Сондай-ақ фильм қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан жандардың рухына тағзым етеді.

Фильмнің сюжеті табиғат апатымен бетпе-бет келген орманшылардың оқиғасы арқылы өрбиді. Кейіпкерлердің тағдырын арқау ете отыра, картина адам өмірінің құндылығы, достық пен отбасы, борыш пен жеке таңдау тақырыптарын көтеріп, табиғатқа ұқыпты қарауға үндейді.

Режиссері – Төребек Бейсебаев, продюсері – Нұржігіт Хайдар. Басты рөлдерді Асан Мәжит, Арман Уахитов, Алтыншаш Шаяхмет, Алмат Сакатов, Төлепберген Байсақалов, Асылбек Әйтіш және Мақсат Сабитов сомдайды.

Кинокартина Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

 

Сайт Әкімшілігі