Live

4 наурызда Жиддадан 343 Қазақстан азаматы эвакуацияланады

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бакаев мәлімдеді

Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, жолаушылар тізімін қалыптастыру әлі жалғасуда. Басымдық кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, 60 жастан асқан азаматтарға және белгілі бір аурулары бар адамдарға беріліп отыр.

— Жиддадан ертең 343 ҚР азаматы — бұл алғашқы толқын, алғашқы топ ретінде ұшады, — деді Бакаев.

Министрдің орынбасары нақты қанша баланың болатыны борт толық жасақталғаннан кейін белгілі болатынын айтты. Сондай-ақ, оның сөзінше, қазақстандықтар Жидда мен Маскат қалаларында шоғырландырылып жатыр.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс аясында Қазақстан азаматтарының алғашқы тобы БАӘ-ден елге жеткізілген болатын. Сондай-ақ бүгіннің соңына дейін Дубайдан Оман арқылы тағы 467 қазақстандықты қайтару жоспарланып отыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: АҚШ Иран