Live

«41 млн теңге»: Алматыда мектеп бітіру кешіне жиналған қаржы қоғамда резонанс тудырды

Әлеуметтік желіде оқушылардың бірінің анасы мектеп бітіру кешіне байланысты қомақты қаражат жиналып жатқанына наразылық білдірді.

Фото: из открытых источников

Оның айтуынша, 138 оқушыдан жалпы 41 миллион теңге жинау жоспарланған.

Жарияланған видеоға сәйкес, бұл соманың шамамен 9 миллион теңгесі ойын-сауық бағдарламасына жұмсалмақ болған.

Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, алдын ала тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қаражат жинау бастамасы ата-аналар тарапынан көтеріліп, бейресми чаттарда талқыланған. Сонымен қатар мектеп директоры қызметтік міндетін тиісті деңгейде атқармағаны және заңсыз ақша жинаудың алдын алмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: мектеп