Руханият

Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара өтеді

10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Осыған орай, мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның 175 жылдығына орай 500-ден астам іс-шара өтетінін айтты.

Фото: gov.kz

Облыс орталықтарында мереке Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Сондай-ақ OpenAir форматында Абай шығармаларын оқу, әдеби кештер мен караоке іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мереке аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...», «Кел жастар біз бір түрлі жол табалық», «Шәкірдің Абайға арналған естеліктері мен өлеңдері» іс-шаралары, «Абайды оқы, таңырқа...» атты жыр мүшәйрасы, «Түркістан тарихы» мұражайында «Абай әлемі» көрмесі өтеді, делінген хабарламада.

Жастар саясаты желісі бойынша ұлттық жастар онкүндігі аясында челлендждер мен Абай шығармаларын оқу жоспарланған.

Nurbike Beksultan
Тегтер: Абай