Live

Абай облысында балаларға арналған 23 млн теңге жымқырылған

Абай облысында балалардың шығармашылығына бөлінген қаржының жымқырылуы бойынша сот ісі аяқталды.

Фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген тергеу нәтижесінде, балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Damu Bala» платформасы арқылы бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалғаны анықталды.

Негізгі деректер:

  • «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып, балалардың сабаққа қатысуы туралы жалған мәліметтер енгізген;
  • Құжаттарда көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде ешқандай үйірмелерге қатыспаған;
  • Тіпті кейбір ата-аналар балаларының бағдарламаға «қатысушы» ретінде тіркелгенінен мүлдем хабарсыз болған;
  • Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал толық өтелді.

Шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтері бар ай сайын тапсырылатын есептер негізінде уәкілетті орган тарапынан жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған, - делінген ҚМА хабарламасында.

Сот шешімімен мекеме директоры 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Абай