Live

Air Astana ұшағы Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонды

Алматы-Астана бағытындағы рейсті орындап жатқан Air Astana әуе компаниясының ұшағы салонда түтін пайда болуына байланысты Алматы әуежайына мәжбүрлі қонуға мәжбүр болды.

Фото: kapital.kz

Оқиға 17 желтоқсан күні таңғы уақытта тіркелген. Airbus A321neo үлгісіндегі әуе кемесінің экипажы салонда түтін байқалуына байланысты MAYDAY халықаралық төтенше жағдай сигналын берген. Дабыл таңғы 7:38-де жолданса, араға екі минут салып, 7:40-та ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонған.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Қону сәтінен кейін әуежайдың өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі қауіпсіздік шараларын толық қамтамасыз еткен.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Air Astana