Live

AIRAN арнасы Қазақстанда хабар таратуды уақытша тоқтатты

Редакция туындаған қиындықтарға байланысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда AIRAN YouTube платформасында жұмыс істейтін арна уақытша хабар таратуды тоқтатты. Соңғы екі апта ішінде арнада жаңа материалдар жарияланбаған. Бұл турал Forbes Kazakhstan жазды.

Бұған дейін AIRAN-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларында контент күн сайын жарияланып отырған. Мұндай ұзақ үзіліс бұрын болмаған.

Airan_media бас редакторы Даурен Мерекеев арнада уақытша қиындықтар туындағанын мәлімдеді.

— Әзірге нақты себептерін айта алмаймын. Қазір басты мақсат — осы қиындықтарды еңсеріп, аудитория мен ұжым үшін маңызды шешімдер қабылдау. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бүгін немесе демалыс күндері мәселе шешіледі деп ойлаймын, — деді ол.

AIRAN — видеожурналистика, деректі зерттеулер және ағартушылық контентке бағытталған тәуелсіз қазақстандық digital медиа жоба.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: AIRAN