Live

Ақмола облысында 11 жастағы бала суға батып кетті

Ақмола облысында тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Елорда маңындағы Нұра–Есіл каналында 11 жастағы бала суға батып көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше бала аптап ыстықтан қорғану үшін каналға шомылуға барған. Олардың жанында ересектер болмаған. Қарапайым жазғы демалыс бір бала үшін қайғылы аяқталды.

Нұра–Есіл каналы өңірдегі ең қауіпті су айдындарының бірі саналады. Ол шомылуға арналмаған. Мұнда ағыс қатты, су тереңдігі күрт өзгереді, жағалауы бетонмен қапталған және түбінің бедері күрделі.

Жағалауға шомылуға тыйым салатын белгілер орнатылғанымен, олар адамдардың салғырттығын тоқтата алмай келеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалардың құрбаны көбіне қауіпті толық бағалай алмайтын немесе жүзе білмейтін балалар болып жатады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Суға бату