Live

Ақмола облысында сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында  сыныптасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен азамат ұсталды.

Фото: ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, 24 сәуір күні Макинск қаласындағы медициналық мекемеге пышақ жарақатымен 18 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілген.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Nayza Kokshe мәліметінше, оқиға стадионда волейбол ойыны кезінде болған. Бетперде киген жас жігіт келіп, 11-сынып оқушысының бетіне бұрыш газы шашып, кейін оны мойны мен іш тұсынан бірнеше рет пышақтаған. Осыдан кейін ол оқиға орнынан еш кедергісіз кетіп қалған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: шабуыл қылмыс