Live

Ақмола облысындағы «Қазгер» ЖШС-нің 4 жұмысшысы тіркеме аударылып, жарақат алған

Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы «Қазгер» ЖШС-нің төрт жұмысшысы егістікке жұмысқа бара жатқан кезде тіркеме (вагон-будка) аударылып, өндірістік жарақат алды.

Фото: ЖИ/ Жас Алаш

Зардап шеккендердің үшеуі ауруханадан шығарылғанымен, жас жігіттердің бірі ауыр халде жатыр. Оның омыртқасы зақымданған.

Дәрігерлердің айтуынша, алған жарақаты мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Ауыр жарақат алған Темірболат Қайыровтың анасы Баян Балташева істің жылы жабылып кетуінен қауіптенетінін айтты.

Оның сөзінше, төрт жұмысшы да жұмыс берушіден адамдарды тасымалдауға лайықты көлік бөлуді бірнеше рет сұраған, алайда олардың өтініші ескерусіз қалған.

Соның салдарынан бір күні жұмыстан қайтып келе жатқанда тіркелген вагон-будка жүк көлігінен қозғалыс кезінде ажырап кеткен. Тіркеменің сүйреткіші жерге қадалып, будка төрт рет аударылған.

Белгілі болғандай, бастапқыда Біржан сал аудандық полиция бөлімі Темірболаттың анасынан арыз қабылдаудан бас тартып, ұлынан жазбаша сенімхат талап еткен. Кейін заңгерлер араласқаннан кейін ғана арыз заң талаптарына сай тіркеліп, оқиға бойынша тергеу басталған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жұмысшы