Live

Ақмола облысындағы тасжолда болған жол апатынан бес адам қаза тапты

Ақмола облысында ірі жол апаты болды. Үш көліктің соғысуы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.

Фото: скриншот

Қайғылы оқиға жексенбі, 21 маусым күні Астана-Қорғалжын тасжолында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, жолда Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері соғысқан.

Соққының қатты болғаны сонша, жол талғамайтын көліктер бірден отқа оранған.

«Соғысудан кейін Toyota маркалы екі көлік те өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ведомство.

Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Полицейлер апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты