Live

Ақорда: Тоқаев 7 трлн теңгенің «аударылуы» туралы тексерілмеген ақпаратты жарияламайды

Ақорда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 трлн теңге көлеміндегі транзакциялар туралы айтқан сөздерінің дұрыстығын растады.

Фото: tafsilar.info

Мемлекет басшысы тексерілмеген мәліметті жарияламайтыны мәлімдеді.

Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ххабарлған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тексерілмеген ақпаратты жарияламайды. Егер ол 7 трлн теңге көлемінде транзакциялар (аударымдар) болғанын айтса, демек, солай болған», — деді Смадияров.

Оның айтуынша, бұл ақпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің ғимаратында өткен кеңесте айтылған және қызметтік сипатта болған, яғни кеңінен талқылауға арналмаған. Баспасөз хатшысы Президент қаражаттың шыққан елі, қабылдаушы ел және нақты банк атауын «саяси орындылық пен дипломатиялық хаттама талаптарына байланысты» әдейі атамағанын алға тартты.

Ақорданың мәлімдемесі Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың пікірінен кейін жарияланды. Ол бұған дейін 7 трлн теңге айналым көлеміне қатысты болуы мүмкін екенін және алдын ала тексеру барысында «айтарлықтай құқықбұзушылық белгілері анықталмағанын» айтқан еді.

Еске салайық, 28 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кеңесте Тоқаев ведомство басшысы Жанат Элиманов өзіне 2025 жылы «көршілес елден» бір қазақстандық банк арқылы басқа мемлекеттерге 7 трлн теңгеден астам қаражат «аударылғаны» туралы баяндағанын мәлімдеген. Президент ҚМА, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке тексеру жүргізуді тапсырды. 29 қаңтарда бірқатар банктер бұл схемаға қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Сайт Әкімшілігі