Live

АҚШ Кариб теңізіндегі жылдам жүретін катерге соққы жасады: төрт адам қаза тапты

АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы 19 қыркүйекте Кариб теңізінде жылдам жүретін катерге «жойқын соққы» жасалғанын хабарлады.

Фото: скриншот

Америка тарапының мәліметінше, кеме есірткі тасымалдау үшін пайдаланылатын бағыттардың бірімен жүрген.

«Барлау деректері бұл кеменің есірткі тасымалына қатысы барын растады. Операция барысында төрт есірткі террористі жойылды», – делінген АҚШ әскерилерінің хабарламасында.

АҚШ Оңтүстік қолбасшылығы X әлеуметтік желісінде операцияның видеосын да жариялады. Кадрдан қозғалып бара жатқан катердің жарылыстан кейін жойылғанын көруге болады.

Алайда америкалық әскерилер катердің заңсыз есірткі айналымына қатысы болғанын дәлелдейтін қосымша айғақтарды жарияламады.

Бұған дейін биыл көктемде АҚШ Кариб теңізі мен Тынық мұхитында есірткі тасымалдады деген күдікпен 47 кемені жойғаны хабарланған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Кариб теңізі