Ақтау маңындағы Каспий теңізінде ер адам суға батып қайтыс болды
Қайғылы оқиға Ақтау қаласы маңындағы Caspian Star демалыс базасының жанында болған.
Куәгерлердің айтуынша, қатты толқын кезінде әкесі мен баласы суға бата бастаған. Жағалауда демалып жүрген адамдар баланы дер кезінде судан шығарып, аман алып қалған. Алайда ер адамды құтқару мүмкін болмаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға арнайы жабдықталмаған жағажайда болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын тиісті қызметтер анықтап жатыр.