Қоғам

Ақтауда сарбаз өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші Р. Жайғалиевтің қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Бас әскери прокуратурасы мәліметінше, қайғылы оқиға биыл 17 ақпанда болған. Тергеу барысында әскери бөлім командирі қызметтік міндеттеріне салғырт қарап, жеке құрамды бақылау мен қарумен жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талаптарды орындамағаны анықталған. Ведомствоның хабарлауынша, дәл осы немқұрайлық сарбаздың өліміне себеп болған.

Әскери прокурорлардың бақылауымен жүргізілген тергеу барысында қысқа уақыт ішінде қажетті дәлелдер жиналып, сот сараптамалары тағайындалған.

Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.Сонымен қатар барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылған. Тағы 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сайт Әкімшілігі