Live

Ақтауда жоғалған 18 жастағы Азаматты іздеу жетінші күнге ұласты

Ақтауда 18 жасында жоғалып кеткен Азамат Дүйсехановты іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Фото: ашық дереккөз

14 шілдеде құтқарушылар арнайы техника мен жүзу құралдарын тарта отырып, теңіз акваториясын, жағалау сызығын және оған жақын аумақтарды кезең-кезеңімен тексерді. Іздеу жоспарына сәйкес бұрын қаралған учаскелермен қатар қосымша аймақтар да қайта тексерілуде.

Азамат Дүйсеханов 7 шілде күні 18 жасқа толған туған күнін достарымен бірге Ақтаудан шамамен 48 шақырым жердегі O’Mir курорттық қонақүйі маңындағы жағалауда атап өткен. Сол күні шамамен сағат 15:00-де ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылған жоқ. Құзырлы қызметтер жас жігіттің жүрген жерін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сайт Әкімшілігі