Live

«Актив Ломбард» иесінің миллиардтаған байлығы тәркіленді

«Актив Ломбард» желісінің иесі С.С. Койнов 1,9 миллионнан астам адаммен жасалған келісімшарт арқылы 19 миллиард теңгеден аса қылмыстық кіріс тапқан.

Фото: 2gis.kz

Ол мүлікті кепілге алып, жоғары пайызбен микрокредит берген. Сонымен қатар компаниялармен жалған келісімшарттар жасалып, ақша банктік шоттар арасында бірнеше рет айналдырылып, кейін дивиденд ретінде шығарылған.

Тәркіленген мүліктің қатарында:
Елордадағы 4 пәтер мен 2 тұрғын үй;
БАӘ-дегі 4 апартамент;
6 автокөлік (Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport);
Депозиттегі 2,7 миллиард теңге.

Сайт Әкімшілігі