Live

Ақтөбе облысында төбелес салдарынан жасөспірім қаза тапты

Оқиға Шалқар қаласында болған. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталды

Фото: ЖИ/ Жас Алаш

Бұл туралы Kazinform жазды.

Полицияның мәліметінше, төбелес түнгі уақытта орын алған. Жастар арасындағы жанжал барысында 17 жастағы бозбала көз жұмған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Қақтығысқа қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем шақырту түспеген. Белгісіз адамдар ес-түссіз жатқан жасөспірімді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын ғана тіркеп, бұл туралы полицияға хабар берген.

Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде болған төбелестен кейін 9-сынып оқушысы көз жұмған еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ақтөбе