Ақтөбе облысында жыл басынан бері 376 адам із-түзсіз жоғалған
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 376 адам жоғалу дерегі тіркелген. Олардың 161-і – кәмелетке толмаған балалар.
Полиция департаментінің мәліметінше, жоғалған азаматтардың басым бөлігі табылып, отбасыларына қайтарылған. Дегенмен қазіргі уақытта іздеуде жүрген бір жағдай бар – 10 жастағы бала әлі табылған жоқ.
Осы ретте қоғамда кең тараған «адам жоғалса, үш тәулік күту керек» деген түсінік бар. Алайда тәртіп сақшылары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Полицейлердің айтуынша, мұндай жағдайда уақыт созбай, бірден полицияға арыз түсіру қажет. Ерте хабарлау іздестіру жұмыстарының нәтижелілігін арттырады.