Live

Ақтөбеде сержант билігін асыра пайдаланғаны үшін бір жылға сотталды

Ақтөбе гарнизонының әскери соты әскери қызметшінің денсаулығына зиян келтіре отырып, билігін асыра пайдаланған сержантты бір жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы әскери соттардың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: из открытых источников

Соттың мәліметінше, мерзімді әскери қызметшілерге жауапты болған сержант К. қарамағындағы сарбаздардың біріне дене жарақатын салып, оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады. Ал К. өз кінәсін мойындамай, ақтауды талап етті. Ол азаматтық талаптың тек өкілдің заңгерлік қызметіне кеткен шығынды өндіру бөлігін ғана ішінара мойындаған.

Сот сот-медициналық сараптама қорытындысына, жәбірленуші, куәлар мен сарапшының айғақтарына сүйене отырып, айыпталушының кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар сот жәбірленушінің пайдасына 700 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы және 900 мың теңге көлемінде өкілдің қызметіне жұмсалған сот шығындарын өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сот үкімі