Әлем чемпионаты: Балуан Нұрқожа Қайпанов ширек финалға шықты
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Әзірбайжан өкілі Туран Байрамовпен кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков (92 келі) ширек финалға өткен болатын.