Live

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша екі адам ұсталды

Алматы облысында жасөспірім қыздың топтық зорлау туралы мәлімдемесінен кейін екі күдікті ұсталды.

Фото: ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, ағымдағы жылдың 19 наурызында 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің тобы анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

— Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілді. Барлық тараптардың уәждері мұқият тексеріліп жатыр. Жәбірленушіге қандай да бір қысым немесе қауіп жоқ, — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, істі жан-жақты әрі толық тергеу үшін қылмыстық іс материалдары облыс орталығының тергеушілеріне берілген. Іс бойынша арнайы тергеу-жедел тобы құрылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Сайт Әкімшілігі