Live

Алматы облысындағы жол апатынан ерлі-зайыптылар мен олардың қызы қаза тапты

Қайғылы оқиға 23 маусым күні автожолдың 132-шақырымында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соғысқан.

Фото: скриншот

Қатты соққы салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен бір отбасының екі жолаушысы – ерлі-зайыптылардың қызы оқиға орнында көз жұмды.

Қаза болған әйелдің әпкесі әлеуметтік желіде көлікте отбасының балалары мен 10 айлық немересі де болғанын айтты. Оның сөзінше, олар аман қалғанымен, көптеген жарақат пен сүйектері сынған және қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ ол екінші көлікті әскери форма киген қызметкер басқарғанын және оның мас күйде болғанын мәлімдеді. Әйел кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кетпеуі үшін істі қоғам назарында ұстауды сұрады.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің қамауға алынғанын хабарлап, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты