Live

Алматы соты Санжар Боқаевтың қамау мерзімін 18 маусымға дейін ұзартты

Алматы соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевтің қамау мерзімін 18 маусымға дейін ұзартты. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов мәлімдеді.

Фото: скриншот

Боқаев 18 наурыз күні Алматыда ұсталған болатын. Наурыз айының соңында сот тергеу кезеңіне екі айға қамауға алу туралы санкция берген.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ерлан Утегенов белсендіге қатысты тергеу екі эпизод бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Бірінші эпизод аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысты. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл іс Боқаевтың ұлттық компанияда қызмет атқарған кезеңімен байланысты. Ашық деректерге сәйкес, ол 2015–2018 жылдары ҚазТрансГаз басқарма төрағасының кеңесшісі болған.

Екінші айып Алматыдағы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге қатысты. Тергеу мәліметінше, Боқаев әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды ақшаға тартып, ағаштарды кестіріп, кейін әлеуметтік желіде видео тарату арқылы қоғамдық резонанс тудырмақ болған деген күдікке ілінген.

Іс бойынша түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Сайт Әкімшілігі