Live

Алматы тауынан табылған адам сүйегін құтқарушылар тікұшақпен алып түседі

Алматы облысының Талғар ауданындағы Северцов мұздығынан табылған адам сүйегін алып түсу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы тауға аттанды.

Фото: әлеуметтік желіден

 «Қазавиақұтқару» тікұшағының бортында «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары бар. Олар теңіз деңгейінен шамамен 4300 метр биіктікте жатқан сүйектерді төменге түсіру жұмыстарын жүргізеді. Құтқару операциясы мұздықтың қолжетімсіздігіне, күрделі таулы жер бедеріне, тік жартастар мен биік таудағы қолайсыз ауа райына байланысты қиындап отыр.

Сүйектер төменге түсірілгеннен кейін Алматы облысының полиция департаментіне тапсырылады.

Полиция марқұмның кім екенін және өлімінің мән-жайын анықтайды.

Сайт Әкімшілігі