Live

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезгенін әлеуметтік желілерде жазып жатыр.

Фото: из открытых источников

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 12 тамыз күні Астана уақытымен сағат 12:14-те Қырғызстан аумағында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан.

Эпицентр Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 127 шақырым және Нарын қаласынан солтүстік-батысқа қарай 71 шақырым жерде болған.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда жер асты дүмпулері 2 балл деңгейінде сезілгенін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сайт Әкімшілігі