Live

Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секіріп, көз жұмды

Алматыда 40 жастағы әйел тоғыз қабатты үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп, көз жұмды.

Фото: пшық дереккөз

Оқиға Алмалы ауданындағы Аносов пен Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйде болған.

Полиция қызметкерлері марқұмның пәтерін тексеру кезінде қоштасу хатын және позитивті ойлаудың күші туралы бірнеше кітапты тапқан.

 «Тергеу-жедел тобы пәтерді қарау барысында іс үшін маңызды болуы мүмкін бірқатар материалдар мен мән-жайларды анықтады. Олардың ішінде мазмұны зерттелетін қоштасу хаты да бар. Қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Көршілерінің айтуынша, пәтер есігі ашылған кезде жуынатын бөлмеден қан іздері мен өткір заттар табылған.

Алдын ала болжам бойынша, әйел алдымен өзіне қол жұмсаудың басқа тәсілдерін қолдануға тырысқан, алайда ол әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін терезеден секірген болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап, қайғылы жағдайға не себеп болғанын, марқұмның өмір салтын, араласқан ортасын және басқа да ықтимал факторларды тексеріп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Алматы суицид