Live

Алматыда электросамокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

25 тамыздан бастап Алматыда электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынады.

Фото: sxodim.com

Жолдың жүріс бөлігіне тек 18 жасқа толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш дулығасын таққан азаматтар ғана шыға алады.

Электросамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға болмайды. Жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түсіп, жаяу өту қажет.

Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтер міндетті болады. Ал жалға берілетін электросамокаттар тіркеу нөмірімен және сақтандырумен жабдықталуы тиіс.

Сайт Әкімшілігі