Әлеумет

Алматыда ҚазТАГ ісі бойынша үкім шықты

Алматыда ҚазТАГ ісі бойынша үкім шықты

Фото: kaztag.kz

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов амнистияны ескере отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ оған 5 жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сот оны үкім жарияланғаннан кейін бірден сот залынан босатты.

ҚазТАГ құрылтайшысы Әсет Матаевқа 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу және 3 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салу жазасы тағайындалды. Амнистия қолданылғаннан кейін оған 1 жыл 3 ай бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Адвокаттар сот шешіміне апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі