Live

Алматыда жаңа жыл мерекесінде шамамен 20 адам отшашудан зардап шекті

Алматыда жаңа жыл мерекесінде шамамен 20 адам отшашудан зардап шекті. Екі бала ауыр халде ауруханада жатыр.

Алматыдағы былтырғы шырша. Фото: Алматы әкімдігі



Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің директорының орынбасары Андрей Ложкин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мерекелік күндері шамамен 20 адамның отшашудан жарақат алғанын хабарлады.

Зардап шеккендердің жартысынан көбі – балалар. Дәрігерлер күйік, аралас жарақаттар және қол саусақтарының зақымдануы тіркелгенін айтты.

Ең кішкентай зардап шегуші – 4 жаста, ал екі бала ауыр халде ауруханада жатыр.

Сайт Әкімшілігі