Live

Алматыдағы өліммен аяқталған жол апаты: тергеу жақында аяқталады

Алматы қаласында болған қайғылы жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жуық арада аяқталады.

Фото: ашық дереккөз

Іске қатысты пікір білдірген Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов тергеудің соңғы кезеңге өткенін айтты.

«Қазіргі уақытта барлық дерлік сараптама нәтижелері алынды. Алдағы екі апта ішінде тергеуді аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, себебі іс соңына жақындап қалды», - деді ол Сенат кулуарында.


Оқиға 21 наурызда болған. ZEEKR көлігінің жүргізушісі Zeekr әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Mercedes-Benz ішінде болған жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі таңда іс бойынша барлық негізгі сараптамалар аяқталып, материалдар сотқа жолдануға дайындалып жатыр.

Сайт Әкімшілігі