Live

Алматыдағы жол апаты: Жүргізуші күзет бақылауында емделіп жатыр

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысы бар Zeekr көлігінің жүргізушісі қазір медициналық мекемеде күзет бақылауында ем қабылдап жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, оның жағдайы тұрақталғанда, ол уақытша ұстау изоляторына жеткізіледі.

Жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ең қатаң жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

«Оқиғаға қатысқан және оның қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Әрқайсысына әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жіберілді, көліктер айып тұрағына қойылды. Ешкім жауапкершіліктен қаша алмайды», - деді Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Шарибаев.

Айта кетейік, Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апаты қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ресми дерек бойынша, апат салдарынан үш адам қаза тапқан.

Жол апаты 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соғысқан.

Салдарынан:

– 29 жастағы жүргізуші;

– 22 және 20 жастағы екі жолаушы көз жұмды.

Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты