Live

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Фото: ЖИ

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектептегі үзіліс кезінде баспалдақ қоршауынан құлап, ауыр жарақат салдарынан қаза тапты.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қараша күні сағат 13:18-де болған. Оқушы мектеп ғимаратының үшінші қабатындағы баспалдақ қоршауымен сырғанап келе жатып, екінші қабат деңгейіне құлаған. Салдарынан басынан ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Оны емдеуге республикалық, қалалық және облыстық деңгейдегі балалар нейрохирургтері жұмылдырылған.

17 қарашада оқушыға шұғыл операция жасалған. Дәрігерлер екі тәулік бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, 18 қараша күні сағат 10:00-де баланың қайтыс болғаны тіркелді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: мектеп