Live

"Алматы Су" су жүйесі басқа компанияға беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды

"Алматы Су" Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйесі басқа компанияның басқаруына беріледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Фото Яндекс.Карты

 Кәсіпорын жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатыр.

Кәсіпорынның хабарлауынша, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Алматының су құбыры және кәріз шаруашылығы бөгде компанияның басқаруына беріледі деген ақпарат тараған.

"Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған Алматы қаласының су құбыры және кәріз шаруашылығын басқа компанияның басқаруына беру туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. "Алматы Су" МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын әрі қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің операторы", – делінген хабарламада.

Кәсіпорын өз міндеттерін бұрынғыдай штаттық режимде атқарып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін басқа компанияларға беру жоспарланбағаны айтылды. Осыған байланысты қаладағы су құбыры және кәріз шаруашылығының үшінші тарапқа берілетіні жөніндегі мәліметтерді кәсіпорын жалған деп атады.

"Алматы Су" Қазақстан заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды.

Кәсіпорын БАҚ өкілдерін, ақпараттық ресурстар авторларын және әлеуметтік желі қолданушыларын қандай да бір мәліметті жариялап, таратпас бұрын оның дұрыстығын тексеруге және ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: алматы су