Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді: қою қара түтін қаланы басты
Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді: қою қара түтін қаланы басты
15 қараша күні таңертең Алматының Алмалы ауданында ірі өрт шықты. Брусиловский көшесіндегі екі қабатты ғимарат отқа оранып, жалынның көрші нысандарға таралу қаупі туындады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан.
Өрттің күшеюіне байланысты оқиға орнына қосымша күштер мен техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары жоғары күрделілік дәрежесі бойынша жүргізіліп, арнайы штаб құрылды.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан ғимараттан көтерілген қою қара түтіннің қаланың әртүрлі бөлігінен көрінгенін байқауға болады.
Сағат 09:37-де өрт сөндірілген. Ал ТЖМ-нің соңғы мәліметіне сәйкес, сағат 10:25-те жалын толық сөндірілген.
Құтқарушылар өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеген. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.