Live

Алматыда жаңбырдан кейін жол опырылып, көшелерді су басты

Алматыда 5 қазан таңертең жауған жаңбырдан кейін жолдың бір бөлігі опырылып, қаладағы көлік қозғалысы қиындады.

Фото скриншот

Оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Мөңке би көшесінің қиылысында болған. Жолдың зақымдануы салдарынан бұл маңда көлік кептелісі күшейген. 

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде жол жөндеу жұмыстарының сапасына алаңдаушылық білдіріп, жағдайға қатысты наразылықтарын жазып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Алматы