спорт

Амманда ең үздік балуандарымыз бақ сынайды

Биыл 25-30 наурыз аралығында Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Жақында Қазақстан федерациясы құрлық біріншілігіне қатысатын балуандардың тізімін жариялады.

Фото: astanatv.kz

Амманда бақ сынайтын еркін күрес шеберлерінің арасында әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов бар. Сондай-ақ команда көшбасшыларының бірі Азамат Дәулетбеков те Азия чемпионатына қатысады.

Еркін күрес:

57 келі - Рахат Қалжан

61 келі - Балғабай Мұхаммед

65 келі - Нұрсұлтан Садық

70 келі - Начын Қуулар

74 келі - Нұрқожа Қайпанов

79 келі - Дәулет Ергеш

86 келі - Болат Сақаев

92 келі - Азамат Дәулетбеков

97 келі - Ризабек Айтмұқан

125 келі - Нұрсұлтан Азов

Ал грек-рим күресінен 10 салмақ дәрежесінде белдесулер өтеді. Бұл сынға бұрын құрлық біріншілігінде топ жарған Мейіржан Шермағанбет, Әлімхан Сыздықов және Ибрагим Магомадов қатысады. Сондай-ақ былтыр Қазақстан азаматтығын алған ресейлік легионер Шамиль Ожаев та Амманға аттанады. Ол 2024 жылы ел кубогында чемпион атанған болатын.

Грек-рим күресі:

55 келі - Ербол Камалиев

60 келі - Қабдыл Бақытжан

63 келі - Әсетұлы Сұлтан

67 келі - Мейіржан Шермағанбет

72 келі - Әділхан Сатаев

77 келі - Ибрагим Магомадов

82 келі - Омар Сатаев

87 келі - Шамиль Ожаев

97 келі - Ильяс Гучигов

130 келі - Әлімхан Сыздықов.

Бұл бәсекеге бұрымды балуандарымыз да қатысады. Тізімде команда көшбасшылары Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова бар.

Қыздар күресі:

50 келі - Светлана Анкичева

53 келі - Зейнеп Баянова

55 келі - Зүлфия Яхиарова

57 келі - Нилуфар Раймова

59 келі - Гүлдана Бекеш

62 келі - Тыныс Дубек

65 келі - Елена Шалыгина

68 келі - Ирина Казюлина

72 келі - Жәмила Бақбергенова

76 келі - Эльмира Сыздықова.

Қуаныш Қаппас

Сайт Әкімшілігі