Әнші Аша Матай Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізіміне енді
Танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.
Өнер иесі депутат болуға не себеп болғанын түсіндіріп, бұл шешімінің жеке қалауынан туғанын айтты.
«Әр адам өзі біледі ғой. Өзім қаладым. Бұл – жүрегімнің қалауы болды», – деді Аша Матай.
Қазақстан Халық партиясы кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімін бекітті. Жалпы партиялық тізімге 72 адам енгізілген.Тізімде саяси тәжірибесі бар 15 азамат бар. Олардың қатарында VIII сайланған Мәжіліс депутаттары Асылбек Нұралин, Кенжегүл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова бар. Сондай-ақ бұрын Сенат депутаты болған Ләззат Сүлеймен де кандидаттар қатарынан орын алды.
Партия атынан сайлауға қатысатын үміткерлер арасында халық әртісі Тамара Асар, тележүргізуші әрі әнші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), актриса Венера Нығматулина, сондай-ақ журналистер мен қоғам белсенділері бар.