Live

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, ол оқиға орнында қаза тапты

Қайғылы жағдай 19 қараша күні күндіз Шортанды ауданына қарасты Шортанды мен Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.

Фото: Жас Алаш (ЖИ)

Машинист локомотивтен шамамен 300 метр қашықтықта рельстің үстінде отырған ер адамды байқап қалған. Ол шұғыл тежегішті басқанымен, пойызды тоқтатып үлгермеген. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Марқұм Шортанды ауылының тұрғыны болған. Оның теміржолға не себепті шыққаны әзірге белгісіз.

Астана станциясындағы Көліктегі полиция басқармасы теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сайт Әкімшілігі