Ақордада тағы да ауыс-түйіс
Мәулен ӘШІМБАЕВ Дархан КӘЛЕТАВТЫҢ орнына барды. Бұл жөнінде Ақордабаспасөз қызметі хабарлады.
«Әшімбаев Мәулен Сағатұлы ҚР президентінің кеңесшісіқызметінен босатылып, ҚР президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды», — делінген жарияланған мәлімдемеде.
Ол бұған дейінпрезидент кеңесшісі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарықызметтерін атқарған.
Бұдан бөлек, бүгінҚазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі ИманғалиТАСМАҒАМБЕТОВТЫҢ зейнетке кеткендігібелгілі болды. Ұзын құлақтың айтуы бойынша, оның орнына Әшімбаевқа жылыкреслосын босатып берген Дархан Кәлетаев барады.
Коллаж: Жас Алаш