Live

АҚШ-та бұрынғы әскери қызметкерді ату жазасына кесу тікелей эфирде көрсетілмек

АҚШ-та бұрынғы әскери қызметкерді Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасына кесу жоспарланып отыр

Фото ашық дереккөз

3 желтоқсанда 2009 жылы 13 әскери қызметкерді өлтірген АҚШ армиясының бұрынғы майоры Нидаль Малик Хасанды ату жазасына кесу жоспарланған. Пентагонның мәліметінше, өлім жазасы тікелей эфирде көрсетіледі.

АҚШ әскері 1945 жылдан бері алғаш рет сот үкімімен адамды ату арқылы жазаламақ.
56 жастағы Хасанды ату жазасына кесу туралы ұсынысты АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет енгізген. Президент Дональд Трамп бұл ұсынысты қолдаған.

"Маған Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұстанымымыз ұнайды", – деп келтіреді Хегсеттің сөзін AFP агенттігі.

Палестиналық тегі бар америкалық Нидаль Хасан 2009 жылғы 5 қарашада Форт-Худ әскери базасында қарусыз әріптестеріне оқ атқан. Сол кезде ол "Аллаху акбар!" деп айқайлаған. Әскери қызметкерлер медициналық тексеруден өтуге жиналған еді. Қарымта оқтан Хасан жараланып, содан бері екі аяғы сал болып қалған.

Әскери дәрігер бұл әрекетін Ауғанстандағы мұсылмандарды америкалық сарбаздардан қорғағысы келгенімен түсіндірген.

2013 жылы әскери трибунал Хасанды тағылған 32 айыптың барлығы бойынша кінәлі деп танып, өлім жазасына кескен. Сот қылмыстың "Әл-Каида" террористік ұйымының идеологиясының ықпалымен жасалғанын анықтаған. Содан бері Хасан Канзас штатындағы әскери түрмеде отыр.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп 2025 жылдың басында Ақ үйге оралғаннан кейін АҚШ-та орындалған өлім жазаларының саны күрт артқан. Қазіргі уақытта елдің бес штатында сот үкімімен ату арқылы жазалауға рұқсат етілген

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: АҚШ