Live

Маңғыстауда асқазанында 1 келіден астам апиын тасымалдаған ирандық жасөспірім сотталды

Ақтауға асқазанында есірткі тасымалдаған ирандық жасөспірім 10 жылға сотталды.

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Иран азаматы есірткі контрабандасы, сондай-ақ оларды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотпен анықталғаны, 2026 жылғы мамырда сотталған азамат "Горган – Ақтау" бағыты бойынша әуе рейсімен ұшып келіп, жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып асқазанда тасымалдаған, бұл Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді.

Мемлекеттік айыптауды облыс прокуратурасы қолдады.

Үкім заңды күшіне енді.

Сайт Әкімшілігі